Конкурс » Тасқарасу орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тасқарасу орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7278) 2-96-56
Есепші бөлімі:
+7(7278) 2-96-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2023

Конкурс


«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тасқарасу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Байланыс телефоны8-727-78-29-6-56


Электронды почта: taskarasu.shkola@.bk.ru


Мекен - жайы: С.Сейфуллин көшесі № 27


Бос лауазымға педагог мамандарды жұмысқа шақырады.


  • Педагог лауазымына бос орындар


Лауазымы

Бос орын

Ставка

Оқыту тілі 

Біліктілік санаты

Жалақы (жоғары білім санаты болған жағдайда)


Тарих

1

0,75

қазақ

сарапшы

125 000


Ағылшын тілі

2

2

ағылышын

сарапшы,

модератор

200 000


Орыс тілі

2

2

ұлттық сыныптарға

сарапшы,

модератор

200 000


Қазақ тілі

2

2

ұлттық сыныптарға

сарапшы; модератор

200 000


Информатика

0,5

0,5

қазақ-орыс 

сарапшы; модератор

педагог

100 000



Математика

0,75

0,75

қазақ-орыс 

зерттеуші, сарапшы

125 000



Химия, биология

0,5

0,5

қазақ, орыс

сарапшы; модератор

100 000



Технология

0,5

0,5

қазақ, орыс

сарапшы; модератор

100 000



  1. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

- жоғары білім;

ғылыми дәрежесінің болуы;

- ұлттық біліктілік тесті (болған жағдайда);

- біліктілік санаты;

- педагогикалық қызмет өтілі;

- алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде);

- кәсіби жетістіктерінің   көрсеткіші;

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар;

- көшбасшылық;

- курстық дайындық курс сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық сертификаты.


  • Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылдың 12 тамыз бен  30 қазан аралығы


Конкурсқа қажетті құжаттар тізбесі:


  1. осы Қағидаларға 10 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен - жайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. 11 - қосымшаға сәйкес нысан бойыншапедагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.